БастыЖаңалықтар
Астанада қызын күнде ұрып-соғатын ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада полиция жеті жасар оқушы қызды соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды degeneken.kz.
“Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деп хабарлады қалалық ІІБ.
Сонымен қатар тергеу жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Ювеналды полиция қызметкерлері бұл отбасыны бақылауға алды.