Қолда бар мәліметке сүйенсек хостелде13 адам қаза тапты. Үшеуі ауруханаға жеткізілген, өртке матрацтың өртеніп кетуі себеп болған. Бұл туралы оқиғаның куәгерлері айтып берді, деп хабарлайды degeneken.kz.
Өрт куәгерлерінің бірінің айтуынша, өрттің шығуына адамдар қаза болған ғимараттың бірінші қабатында тұрған матрац себеп болған.
“Матрац өртенді (жатақхана жертөледе орналасқан)”, – деді куәгер.
Ресми мәлімет бойынша, жатақханадағы өрттен 13 адам қаза тапты. Барлығына ыс тиіп, көмірқышқыл газынан уланған.
Өрт 2023 жылдың 30 қарашасында таңертең болған. Оқиға орнынан үш адам ауруханаға жеткізілді.