БастыЖаңалықтар
Талдықорғанда екі адамның мәйіті табылды

Желіде Талдықорғанда Ақбастау көшесіндегі жеке үйлердің бірінде екі адамның қаза тапқаны туралы жазып жатыр, деп хабарлайды degeneken.kz.
Krisp.tdk Instagram-парақшасы қаза тапқандардың тамағы кесілгенін жазды.
Қалалық полиция бұл ақпаратты растады, бірақ ашып ештеңе айтпады.
“Жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді”, – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаменті.