БастыЖаңалықтар

Депутаттар әріптесінің отставкасын қолдады

Мәжілісмендер Динара Шүкіжанованың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілетін тоқтатуға дауыс берді, – деп хабарлайды degeneken.kz.

Палатаның жалпы отырысында депутаттар бір күн бұрын Орталық сайлау комиссиясына арыз берген Шүкіжанованың отставкаға кетуіне дауыс берді.

Динара Шүкіжанова 2023 жылы наурызда Respublica партиясынан Мәжілістің 8-шақырылымының депутаты болып сайланған. Сейсенбі, 23 қаңтарда Шүкіжанованың мандатын тапсыруды жоспарлап отырғаны белгілі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button