БастыЖаңалықтар

Қазақстанда киіктерді ату тоқтатылды

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда киіктерді ату тоқтатылғанын айтты, – деп хабарлайды degeneken.kz.

“Отандық ғалымдар және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталас жүргізгеннен кейін киіктерді ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қыс мезгілі – далада жүру қиындай түсті. Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеу процесін тоқтаттық. Былтырғы төлдеуді есепке ала отырып, биыл мамырда мұқият егжей-тегжейлі есепке алу жүргізілді”, – деді Нысанбаев Мәжіліс кулуарында.

Министр киік саны тағы 40 пайызға артады деп болжап отыр.

Шенеунік 10 ақпаннан кейін киіктерді ату заңсыз деп есептелетінін айтты. Олардың популяциясын реттеу бойынша жұмыс келесі жылы жүргізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button