БастыЖаңалықтар

Ұлытау облысында басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды degeneken.kz.

Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет “Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы” ММ басшысына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.

“Ол облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша күдікке ілінді”, – делінген хабарламада.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button