БастыЖаңалықтар

“ҚазАвтоЖол” Қазақстан жолдарындағы ауа райы туралы мәліметті жариялады

“ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды degeneken.kz.

“ҚазАвтоЖол”-дың мәліметінше:

  • Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда жол дұрыс көрінбейді;
  • Қостанай және Ақмола облыстарында екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады;
  • Жамбыл облысының таулы аймақтарында көктайғақ болады.

“ҚазАвтоЖол” қазақстандық автокөлік жүргізушілеріне үндеу жасады.

“Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз”.

Басқа жаңалықтар

Back to top button