БастыЖаңалықтар

Алматы облысындағы колония бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

7 наурызда Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің № 57 мекемесінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды degeneken.kz.

Ол пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді”, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, №57 мекеме Алматы облысы Заречное ауылында орналасқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button