БастыЖаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында элеватордан өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Предгорное ауылындағы элеватордың кептіру бөлімінде өрт шықты. Кептіргіште шамамен 20 тонна астық болған, – деп хабарлайды degeneken.kz.

Өрттің ауданы – 120 шаршы метр.

Элеватордағы өрт сағат 12:30-да сөндірілді.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 90-ға жуық адам, 12 бірліктен астам техника, ҚТЖ 1 өрт сөндіру поезы, ТЖД және “Васкен” ЖШС қатысты.

Өрт ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамағаннан және технологиялық процесті бұзылғанынан болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button