БастыЖаңалықтар

Алматыдағы сауда үйінде өрт шықты

Алматы өрт сөндірушілері бутиктерді өрттің тарауына жол бермеді, деп хабарлайды degeneken.kz.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары сағат 11:50-де Түрксіб ауданы Сейфуллин көшесі, 9 а мекенжайындағы “Жібек жолы” сауда үйіндегі өртті сөндірді.

4-қабаттағы әкімшілік ғимаратта кеңсе жиһазына таралып, оргтехника жанып жатқаны анықталды.

Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сағат 12:13-де ауыздықталып, сағат 12:21-де сөндірілді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button