БастыЖаңалықтар

Алматыда автобустар соқтығысып, 6 адам зардап шекті

Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті, – деп хабарлайды degeneken.kz.

Оқиға 10 наурызда таңғы сағат тоғыздар шамасында болған. Полиция департаменті оқиғаны растады.

“Бұл жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 9:00-де Алатау ауданында болған. Бекболат және Жаңа құрылыс көшелері қиылысында 75 және 102 бағытындағы екі автобус соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, 75-автобустың жүргізушісі қашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада жолаушыларды отырғызып, түсіріп жатқан 102-автобуспен соқтығысқан”, – деп хабарлады полициядағылар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button