БастыЖаңалықтар

Қазақстанға аяз қайта оралады

Синоптиктер Қазақстанда 12, 13 және 14 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, – деп хабарлайды degeneken.kz.

Болжам бойынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағынан атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады және жауын-шашын болады: 12 наурызда Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында, 12-13 наурызда Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі. Республикада жел күшейеді, тұман, көктайғақ болады.

“Елдің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 10-20, ал оңтүстікте термометрлердің бағандары түнде минус 2-12 градусқа дейін, күндіз 6 градус аяз – 2 градус жылыға дейін төмендейді”, – делінген хабарламада.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button