БастыЖаңалықтар

Шымкенттің бір бөлігі жарықсыз қалды

Апат салдарынан Шымкенттегі бірнеше ықшамауданның электр қуаты өшіп қалды, деп хабарлайды degeneken.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

“Төтенше жағдайға байланысты бүгінде “Достық”, “Нұршуақ”, “Солтүстік-Батыс”, “Солтүстік Саяжай” шағын аудандарында үш мыңнан астам абонент электр қуатынсыз қалды.Қазіргі уақытта арнайы топ ақауларды жою үшін тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр”, – делінген хабарламада.

Тұрғын үйлер екі сағаттың ішінде электр қуатына қосылады деп уәде беріліп отыр.

Бір күн бұрын, 11 наурызда Рудныйда да осындай оқиға орын алып, бірнеше көше жарықсыз қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button