БастыЖаңалықтар

Ақтөбе облысында пойыз қар құрсауында қалды

Ақтөбе облысында пойыз қар құрсауында қалды, – деп хабарлайды degeneken.kz.

Әлеуметтік желіде пойыздың қар құрсауында қалған видеосы пайда болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АКТОБЕ СЕРГЕК | AQTOBE SERGEK  (@aqtobe_sergek)

ҚТЖ мәліметінше, ұзындығы 10 шақырым болатын бұл теміржол учаскесі жеке компанияға тиесілі.

“Ұзындығы 10 шақырым болатын бұл темір жол учаскесі “Береке-Бизнес” ЖШС жеке компаниясына тиесілі. ҚТЖ бұл тармақтағы жолдарды тазалау мен күтіп ұстауға жауапты емес. Жеке компанияның жұмысшылары мінген пойыз қар басқан жолда тоқтадған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жол тазартылып, пойыз 30 минуттан кейін жолға шықты”, – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар министрлігі де тілшіге жеке тасымалдаушы көмекке жүгінбегенін қосты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button