БастыЖаңалықтар

Бас прокурордың орынбасары Бишімбаев ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіндегі алқабилер “сатылмайтынына” кепілдік бар ма деген сұрақ қойылды, – деп хабарлайды degeneken.kz.

Әсет Шындалиев мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік бар деп жауап берді.

“Егер алқабилер (айыпталушы – еск.) адамның мүддесі үшін келсе, тиісті жауапкершілік бар. Тіпті мұндай деректер анықталса, алқабилер алқасы таратылуы мүмкін”, – деді ол.

Сондай-ақ, журналистер Шындалиевтен олар сот залына неге кіргізілмейтінін және Қуандық Бишімбаевты неге күшейтілген қарауылшы жасақ “қорғап” жүргенін сұрады.

“Қос қарауылшы, оған жолатпайды. Ол қорғаудағы алтын бала сияқты”, – дейді журналистер.

“Сотталғандардың барлығы қарауылшымен кіргізіледі. Бұл тек Бишімбаев емес. Түсінесіздер ме, сот тәртіпті қамтамасыз етуі керек. Сот ток-шоу немесе телешоу емес. Бұл сот, тәртіп болуы керек. Сізге тыңдауға мүмкіндік берілді. Экрандарға шығарды (трансляция – еск.), тікелей эфирде көрсетті. Болып жатқанның бәрін бақылай аласыз”, – деп жауап берді Әсет Шындалиев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button