БастыЖаңалықтар

Қарлы бораннан +20°C-қа дейін: қазақстандықтарды қандай демалыс күндері күтіп тұр

“Қазгидромет” РМК синоптиктері 2024 жылғы 16-18 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжамын жариялады. Мамандар ел бойынша ауа температурасының біртіндеп көтерілгенін атап өтті, деп хабарлайды degeneken.kz.

Таратылған хабарламада алдағы үш күнде батыста, солтүстік-батыста, апта соңында Қазақстанның шығысында, 17-18 наурызда Қызылорда облысында тұрақсыз ауа райы сақталады: жауын-шашын болады.

Сонымен қатар, 18 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында жаңбыр жауып, қар жауады.

“Елдің солтүстігі мен шығысында жел күшейеді, тұман, көктайғақ болады, орталықта қар жауады”, – деп қосты метеорологтар.

“Түркістан облысында 16-17 наурызда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 17-18 наурызда еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарында, 18 наурызда Қазақстанның шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады”, – деп “Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасының біртіндеп +8+20°, солтүстік жартысында 0+8° дейін көтерілуі күтілетіні айтылды.

2024 жылдың 15 наурызында Қазақстанның бір ғана қаласы – Ақтөбеде ауа райының қолайсыз болатынын болжады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button