БастыЖаңалықтар

Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша бірінші орында

2024 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысымен Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша бірінші орында. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 7,9%-ды құрады
Білім – 56%
Көлік және қоймалау – 47%
Құрылыс – 2,7 есе
Ақпарат және байланыс – 45%
Өңдеу өнеркәсібі – 37%
Ауыл шаруашылығы – 12%
Өңірлер бойынша ең жоғарғы көрсеткіштер:
Қызылорда облысы

«Өңдеу өнеркәсібі жедел даму тенденциясын көрсетуде. Өндірістің өсу қарқыны 7,4 пайызға жоғарылады. Көрсеткіш өсімі 16 өңірде тіркелді, оның ішінде Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар», – деді Н.Байбазаров.

Мұнан бөлек, Үкімет басшысының орынбасары Қызылорда облысы негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша бірінші, құрылыс секторындағы өсім көрсеткіші бойынша екінші орында екеніне тоқталды.
Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар тапсырма беріп, қазіргі жоғары даму қарқынын сақтауды ескертті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button