БастыЖаңалықтар

Қазақстандық бітімгерлер ротасы Голан жоталарына жетті

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Қазақстан аумағынан Сирия астанасы Дамаскіге ұшып барып, Фауар бітімгерлік базасына дейін автокөлікпен жетті, – деп хабарлайды degeneken.kz.

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Қазақстан аумағынан Сирия астанасы Дамаскіге ұшып барып, Фауар бітімгерлік базасына дейін автокөлікпен жетті, – деп хабарлайды

Ұлттық контингенттің жеке құрамы базаға орналасып, жайғасып жатыр. Рота штабы істерді қабылдау және “БҰҰ-ның бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері” миссиясы қолбасшысының резервтік ротасының функционалын нақтылау жұмысына кіріседі.

“Бәрі жоспар бойынша іске асырылып жатыр. Жексенбі күні бітімгерлерге жүктелген міндеттерді зерделеу бойынша жеке құраммен сабақтар өткіземіз, ал дүйсенбіде оларды іс жүзінде пысықтауды бастаймыз”, – деді қазақстандық бітімгерлік контингентінің командирі, подполковник Жігер Аипов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button