БастыЖаңалықтар

Алматыда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Алматыда полицейлер бірнеше тәулік бойы жоғалып, іздеуде болған 15 жастағы жасөспірімді тапты, деп хабарлайды degeneken.kz.

Кәмелетке толмаған Рамазан Нұркент ықшам ауданындағы “Алматы Арена” спорт кешені маңынан табылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ.

“Жасөспірімді іздеу операциясына жедел уәкілдер, ювеналды полиция қызметкерлері мен еріктілер қатысты”, делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, үйінен шығып кетіп, сол күйі кері оралмаған Рамазан Қалдаров 13 наурыздан бастап іздестіріліп жатқан болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button