БастыЖаңалықтар

Түркістан: Мақтааралда жаңару күні 5 мыңнан астам көшет отырғызылды

Мақтаарал ауданында Наурызнаманың алтыншы күні – Жаңару күні қарсаңында 5 550 дана көшет егілді.
Оның ішінде 4 500 дана – қара ағаш, 200 дана – сириялық раушан, 250 дана – сабын ағашы және 600 дана – легуструм көшеттері отырғызылған. Аудандағы көшет егу науқаны аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мақтаарал ауданының барлық елдімекендерінде өтті.
Көшеттер аудандағы үлкен жолдардың, каналдар мен арық-атыздардың бойларында, саябақ пен аллеяларда егіліп жатыр. Игі шараға аудандағы мемлекеттік және жекеменшік мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері және аудан тұрғындары қатысуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button