БастыЖаңалықтар

Қазақстан Парламенті вейпке тыйым салу туралы заң қабылдады

Қазақстанда вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салынады. Мәжіліс депутаттары Сенаттың денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобасына енгізген түзетулерге келісті, – деп хабарлайды degeneken.kz.

Бүгін мәжілісмендер сенаторлар ұсынған түзетулерді қабылдауға дауыс берді. Енді құжат Президенттің қол қоюына жіберіледі. Мемлекет басшысы қол қойған жағдайда заң түпкілікті қабылданады.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Сенат депутаттары жеке баптарға енгізген өзгерістер мен толықтырулар төменгі палата қабылдаған заңның тұжырымдамасын өзгертпейді және “оның мазмұнын нашарлатпайды”.

“Осыған байланысты Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заңның кейбір баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді келісуді ұсынады”, – деп қосты Аймағамбетов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button