БастыЖаңалықтар

Бишімбаев өз кінәсін мойындамады

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіріп, қинады деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тағы да кінәсін мойындамады, – деп хабарлайды degeneken.kz.

Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтті.

“Құрметті сот, мен ешқайда, соталды тергеп-тексеру кезінде де, еш жерде өз оқиғамды айтуға мүмкіндігім болмады. Прокурорлардың қазір оқығандарының көбісі жалған, ол расталмаған және дәлел жоқ. Сондықтан 110-бап бойынша мұндай қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған жоқ, мен оны мойындамаймын. Мен толық көлемде емес, адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтіру бойынша айтып отырмын. Түсіндіруге мүмкіндігім болады деп үміттенемін”, – деді Бишімбаев судьяның сұрақтарына жауап беріп.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button