БастыЖаңалықтар

«Үлбі» зауытының қызметкерлері де экоакцияға атсалысты

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс орталығындағы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ қызметкерлері Владимир Потанин ескерткішінің айналасын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды.

Зауыт жұмысшылары қоқыс жинастырып, құрылымның зақымдалған элементтерін қалпына келтірді.
«Үлбі металлургия зауыты әлеуметтік және экологиялық бастамаларды әрқашан қолдауға ұмтылады. «Таза Қазақстан» акциясы осындай игі бастаманың бірі. Акция аясында біз бүгін ескерткішті тазалап, жаңартып, сырлап, сынған плиталарды ауыстырдық. Бұл жұмысқа он беске жуық адам жұмыла кірісті, – дейді «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Алексей Проскуряков.

Айта кетейік, өткен аптада ҮМЗ қызметкерлері экоакция аясында 140 гектардан асатын зауыт аумағын тазартты. Сондай-ақ, жұмысшылар зауыт периметрі бойынша қала аумағын абаттандырды. Бұл дегеніңіз, шамамен, жеті шақырымға жуық аумақ. Жұмыс әлі жалғасып жатыр. Кәсіпорынның әр бөлімі өз учаскесін тазалайды.

Келесі аптада зауыт қызметкерлері өсімдіктерге күтім жасауды жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button