БастыЖаңалықтар

ШҚО таулы аудандарын аэровизуалды тексеру

Шығыс Қазақстан облысында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов пен ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаевтың төрағалығымен арнайы жұмыс тобы “Өскемен-Алтай-Катонқарағай” бағыты бойынша ұшып өтті.

Ұшу қардың негізінен таулардың солтүстік беткейлерінде жатқанын көрсетті. Жазық бөлігі мен оңтүстік беткейлері таза.

Ертіс өзенінің бойындағы жағалау сызығын тексеру кезінде қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі байқалмайтыны анықталды.

Жағалауды нығайту және түбін тереңдету жұмыстары, бөгеттерді салу, мешокқаптарды төсеу жалғасуда. Комиссия осы жұмыстардың Алтай ауданының Зубовск және Малеевск кенттерінде жүргізілуімен танысты.
Тексерілген аудандарда шұғыл ден қою отрядтарының дайындығы тексерілді.
Облыста 23-26 сәуірге орта таулы аймақта қардың қарқынды еруінің жалғасуына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Осыған байланысты көлбеу ағындардың пайда болуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі, шекті белгілерден асып кетуі мүмкін.

ШҚО-да облыстық жедел штаб жұмыс істеуде, барлық қызметтердің жұмысы үйлестірілуде. Күштер мен құралдар дайын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button