БастыЖаңалықтар

Марат Елеусізұлы “Жасыл аймақ” эконауқанына қатысты

Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Әйтей ауылдық округіндегі “Өмірұзақ” тұрғын үй кешеніндегі “Жасыл аймақ” эконауқанына қатысты.

Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожайұлымен бірге ағаш көшеттерін отырғызу және саябақты абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Сондай-ақ, Марат Елеусізұлы Шамалған ауылдық округіндегі “ҚЗТА-Қазақстан құбыр арматура зауыты” өндірістік нысанына барып, көшет отырғызуға қатысты.

Өңір басшысы 20 ағаш көшетін отырғызуға қатысып, “Жасыл аймақ” және “Таза Қазақстан” акцияларына қолдау білдіріп, зауыттың айналасына 100-ден астам көшет отырғызу жоспарланып отырғанын хабарлады.

“Жасыл аймақ” акциясы аясында облыста 94 гектар жерге 30 616 ағаш көшетін отырғызу жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button