БастыЖаңалықтар

Қызылорда облысының әлеуметтік саласында әлеуетті істер атқарылуда

Облыстық әлеуметтік қорғау саласында биыл ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Сала мамандары халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бағытында нәтижелі іс-шараларды жүзеге асырды. Бүгінгі күні әлеуметтік салада 2 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер еңбек етеді.

Облыс орталығында еңбек мобильділігін қамтамасыз ететін орталығы ашылды. Ал бұған дейін Қызылорда қаласы мен барлық аудандағы халықты жұмыспен қамту орталықтары енді «Мансап орталығы» болып қайта құрылды. Облыста 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, бүгінгі күнге 27 мыңнан астам азамат еңбекпен қамтылды.

Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында 54,2 мың адам қатысып, оның 8,1 мыңы бос жұмыс орынға, 14,9 мыңы субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды. Ал 722 адам қайтарымсыз грант алып, жеке кәсібін ашты.

Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмасына сәйкес жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін жеңілдетілген 2,5 пайызбен несие алуға 378 жас бизнес жобаласын ұсынды. Олардың жалпы құны 1,7 млрд теңгеге жуық. Аталған жобалар іріктеу жөніндегі комиссияның оң қорытындысын алып, оның ішінде 258 жас кәсіпкер 1,1 млрд теңгеге қаржыландырылды.

Сондай-ақ, 10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру тапсырмаға сәйкес биыл облыста 10651 жұмыс орнын құру жоспарланған еді. Қазірге дейін жылдық жоспар 9284адамға (87,2 пайыз) орындалды. Оған қоса «Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы» шеңберінде 2135 адам жұмысқа орналастырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button