БастыЖаңалықтар

Екі қазақстандық 100 млн теңгеден астам ақша жымқырған

Жамбыл облысында 105 миллион теңге көлемінде бюджет қаражаты жымқырылған, – деп хабарлайды degeneken.kz.

Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру дерегін анықтады.

“Облыстың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығынын субсидиялауға бөлінген 105,3 миллион теңгені заңсыз алғаны анықталды”, – деп жазылған хабарламада.

30 наурызда аудан прокуратурасы алаяқтық дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен соталды тергеп-тексеруді тіркеді.

Қылмыстық істі тергеу облыстық Экономикалық тергеп-терсеру департаментіне жүктелді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button