Жаңалықтар

Құрметті қала тұрғындары!

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Түркістан қаласының тұрғындары үшін «Қаржылық сауаттылық» курсын өткізу жоспарлануда.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң қабылданып, жүзеге асырылған болатын. Оның қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Amanat» партиясы Halyk Bankпен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан. Ондағы негізгі мақсат проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауаттылықтарын арттыру.
​Осыған орай биылғы жылы елімізде 750 мың адамның қаржылық сауаттылығы арттырылмақ. Атап айтқанда, берешегі бар 200 мың қала, ауыл тұрғыны, 100 мың жоғарғы оқу орнының студенттері, 450 мың мектеп пен колледж оқушылары қаржылық сауат ашу курстарынан өткізілмек. Бұл өскелең ұрпақтың өз қаржысын сауатты әрі жауапты басқаруына мүмкіндік береді.
​«Қаржылық сауаттылық» курсына қатысамын деушілерге төмендегі мекен жайлар бойынша қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Тел: 1310, instagram: turkistan1310, Whatsapp: +77073331310 байланыс орталығы арқылы тіркеле аласыздар.
Түркістан қаласы, Ғ.Мүсірепов №33 А «Яссы» т/а
Түркістан қаласы, Ханқорған №3 «Бірлік» т/а
Түркістан қаласы, Н.Төреқұлов №3А «Шауғар» т/а
Түркістан қаласы, Есенберлин №13 «Бекзат» т/а
Түркістан қаласы, Тілеумыңбасы №5 «Сауран» т/а
Түркістан қаласы, Қазыбек би №258 «Отырар» т/а
Түркістан қаласы,Мүсірепов, №

Басқа жаңалықтар

Back to top button