БастыЖаңалықтар

«Таза Қазақстанның» бесінші апталығы басталды: Алматы облысы су жолдарын тазартуда

Алматы облысының және Іле Алатауының інжу-маржаны – Есік көлінің жағасында «Мөлдір бұлақ» ұранымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының бесінші апталығы басталды. Жас еріктілер мен жақын маңдағы ауыл тұрғындары, және қоғам белсенділері, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен бірге Есік өзенінің маңында сенбілік өткізді.

«Мөлдір бұлақ» акциясы – өңірдің су ресурстарына қамқорлығы болып табылады. Алматы облысында 310 гидротехникалық құрылыс бар; оның ішінде 72 су қоймасы, 112 тоған, 13 бөгет пен дамбы, 14 ауызсу торабы және 99 магистральды каналдар. Дәл осы су жолдары егіс алқаптары мен қалаларға нәр беріп, өңірдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етеді.

Алғашқы күні облыстың барлық аудандарында марафондар, жарыстар және флешмоб форматында 50-ден астам сенбілік өтті. Акцияға қатысушылар Ұзын-Қарғалы, Талғар, Қарқара, Шарын, Қаскелең, Үлкен Алматы сынды өзендер арнасының жағалауларын тазартты.

– «Мөлдір бұлақ» акциясын Президентіміздің жолдауы бойынша естігеннен кейін біз де қатысайық деп шештік. Өйткені, үйімізге қонақ боп келген туыс-туған, дос – жаран осы «Есік көліне барып қайтайықшы», – деп өтініш жасап жатады. Сондықтан біздің ауданымызда орналасқан Есік көлі таза, әдемі болып жарқырап тұрғаны біз үшін өте маңызды ғой. Сондықтан да осы акцияға қатыстым, – деді Түрген ауылының тұрғыны Есендос Асубай.

«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы Алматы облысында ауқымды жұмыстар атқарылды. Облыстың 500 мыңнан астам тұрғыны аумақтар мен аулаларды тазалауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін абаттандыруға, ағаш көшеттерін отырғызуға, көшеттерді әктеуге қатысты. Ардагерлер мен қарттар үйінің аулаларының аумақтарын ретке келтіруге көмектесу үшін эко бригадалар ұйымдастырылды.

«Мөлдір бұлақ» акциясын осы көлден бастағанды жөн көрдік. Өйткені бұл өте маңызы зор көл. Ол бір жағынан ауыз су, екінші жағынан біздің осы суармалы жерлерді қамтамасыз ететін көл. Үшінші жағынан біраз каскадты ГЭС-тарымыз бар. СКЛ Жеке кәсіпкерлерде болған, былтыр сот арқылы мұны мемлекет меншігіне қайтардық. Енді көлдің жағдайын көріп тұрсыздар, біраз жерін құм басып кеткен. «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында облыстағы өзендер, көлдер, каналдар мен суару стансаларының айналасын қоқыстан тазартуды жоспарлап отырмыз, – деді облыс әкімі облыс Марат Сұлтанғазиев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button