БастыЖаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай әскери азаматтар марапатталды.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиында аймақ басшысы өңірдегі Қарулы Күштер мен қорғаныс істері саласының қызметкерлеріне «Алғыс хат» табыстады.

«Алматы облысының әкімдігі өз тарапынан аумақтық қорғаныс жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Биыл дербес облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы құрылды. Бұл қадам әскери қызметтегі азамттардың дайындықтарын және жастарды әскери қызметке шақыру жұмысын күшейтуге бағытталған. Мұның оң нәтижесі ретінде биыл көктемдік әскери қызметке жасақтау жоспарының артығымен орындалуда екенін атауға болады. Сонымен қатар, жылда Қорғаныс министрлігімен бірге өткізілетін әскери жиындардың сапасы артуда. Мұндай шараның бірі өткен аптада Талғар ауданында ұйымдастырылды. Осындай жұмыстар арқылы жергілікті атқару органдары Отанымыздың қорғаныс жүйесін дамытуға өз үлестерін қосуда. Қарулы күштердің әлеуетін арттыру – баршамыздың басты міндетіміз бола бермек!», – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Марапатталушылардың қатарында №32363 Әскери бөлім подполковнигі Ғани АЯЗБЕКОВ, старшина Бауыржан Бедеров, аға сержант Ербол Сарсек болды. Сонымен қатар, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында 58012 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің подполковник Төлеген НАЗАРОВ, Майор Айдос БАҚЫТБЕКОВ, Аға лейтенант Дінислам ҚАЛИБЕКОВ, 2-ші сыныпты сержант Саят АҚАН, 3-ші сыныпты сержант Айбек САРСЕНОВ бар.

Жиын соңында №32363 әскери бөлімінің командирі, гвардия полковнигі Б.Б.Аманкалиев көрсетілген құрметке алғысын жеткізіп, барша ерлер қауымын мерекемен құттықтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button