БастыЖаңалықтар

Вандализм, лудоманиямен күрес басты назарда

Облыс аумағында ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осы ретте Сайрам ауданының тәртіп сақшылары көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту мақсатында тәулік бойы қызмет етуде. Қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, жасөспірімдердің түнгі мезгілде жүруі, мүліктің бүлінуі, вандализм, ұсақ бұзақылық, кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, лудомания, құмар ойындарға әуестігі бар тұрғындармен күресу бағытында жұмыс жасауда. Есепте тұрғандармен профилактикалық шара атқаруда.

Сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтауға және жолын кесуге қызмет етуде.

Түркістан облысының полиция департаменті Қазақстанда сағат 23:00-ден кейін алкогольдік ішімдіктерді сатуға тыйым салатын заң бар екенін еске салады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button