БастыЖаңалықтар
Сарыағашта жедел профилактикалық іс-шара өткізілуде

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуіне орай Сарыағаш ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері іс-шара жүргізуде.
Мақсаты – аудан аумағында қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, жол-көлік оқиғасын болдырмау қоғамдық тәртіпті сақтау, оның ішінде көліктегі қауіпсіздік ережелерін қадағалау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.
Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторымен профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Түркістан облысының полиция департаменті әкімшілік құқықбұзушылықтардың көбі алкогольдік және есірткілік масаң күйде орын алатынын еске салады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда сағат 23:00-ден кейін алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салатын заң бар.