БастыЖаңалықтар

Отырарда қыздарға арналған жиын өтті

Отырарлық полиция қызметкерлері тиісті мекемелермен бірлесіп, Ескі Шілік ауылдық округінің С.Құртайов мектебінде “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” тақырыбында қыздар арасында кездесу жиынын өткізді. Шараға “Жастар ресурстық орталығы”КММ-ның психологы Л.Сейталиева, орталық аурухана психологы А.Жасекова, Отырар АПБ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы З.Надирова және мектеп ұжымы қатысты.

Аталмыш жиында зорлық-зомбылық пен деструктивті мінез-құлықтың алдын-алу, әйелдер мен балаларды қорғау және олардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Мемлекет басшысының Жарлығымен енгізілген тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң бойынша жасөспірімдерге маңызды ақпараттар берілді.

Сондай-ақ арнайы психолог мамандары тарапынан көңіл-күй күйзелістерін қалыпқа келтіру мақсатында, қыздар арасында түрлі ойындар ойнатылып, қоғамды ізгілендіру мен өскелең ұрпақтың бойына ибалылық секілді асыл қасиеттерді дәріптеу жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысының полиция департаменті тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің көбі ішімдік пен есірткіге мас күйінде болатынын еске салады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда тыйым салатын заң бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button