Профилактикалық шаралар жалғасын табуда

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы М.Қабендовтің нұсқауына сәйкес болыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Сонымен қатар Түркістан облысы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу талап етілді.
Осы бағытта Кентау қаласының полиция бөлімі, жастар орталығы, адами әлеуетті дамыту бөлімі, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссия мүшелері және мүдделі орган өкілдері қатысуда.
Іс шара барысында білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынушылық мінез құлқын қалыптастыру мақсатында 30-ға тарта мектеп пен 5 колледжде кездесулер мен семинарлар өткізілді.
Кездесу барысында, оқушыларға есірткі заттарының зардаптары мен қылмыстық жауапкершіліктері бойынша түсінбілді. Сонымен қатар өз-өзіне қол салу, ерте жүктілік деректерінің алдын алу мақсатында, Кентау қалалық №1 емхана қызметкерлерімен бірлескен жұмыстар атқарылды
Түркістан облысының полиция департаменті тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің көбі ішімдік пен есірткіге мас күйінде болатынын еске салады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда сағат 23:00-ден 8:00-ге дейін алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салатын заң бар.