БастыЖаңалықтар

Ауызсу тартып, көшелерді жарықтандырып жатыр

Маралды ауылының көшелері түнде самаладай жарқырап тұрады енді. Өйткені мұнда жалпы ұзындығы 1,6 шақырым болатын көше бойына жарық шамдар орнатылатын болады. Қазір жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар елді мекенде бұрын-соңды болмаған шағын футбол алаңы мен воркаут жаттығу алаңы салынып жатыр. Сөйтіп балалар мен жастардың денешынықтырумен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануына тамаша мүмкіндік жасалмақ.


Ауылдық округ әкімі Бауыржан Сейілханов ауызсумен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

– Ауылдағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының үйіне орталықтандырылған ауызсуды тегін тартып беріп жатырмыз. Бүгінде белгіленген он үйге су құбыры кіргізілді. Мұның бәрі Маралдыға тың серпін беретін жұмыстар. Енді балаларға футбол, воркаут алаңдары салынса. Ауылдың көшелеріне асфальт төселіп жатыр,- деді Маралды ауылдық округінің әкімі Бауыржан Сейілханов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button