Түркістан облысы аумағындағы балаларға арналған жазғы лагерлерге мониторинг жүргізілді

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облысы аумағында орналасқан демалыс лагерлерінің жазғы кезеңде жұмыс істеуге дайындығына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар, Полиция, білім басқармасы, жергілікті атқарушы органдар және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері қатысты.
Түркістан облысы аумағында 22 балаларға арналған жазғы демалыс лагерлері есепке алынды. Барлық демалыс лагерлерінде жөндеу және тазалық жұмыстары жүргізілуде. Есепке алынған 22 лагерлер толығымен араланды.
Нәтижесінде бұзушылықтарға анықталып, балаларды қабылдау уақытына дейін түзету керек екендігі ескертілді. Сонымен қатар лагерь басшылары мен қызметкерлеріне «өрт қауіпсіздігі» және «судағы қауіпсіздік» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 2000-ға жуық жадынамалар таратылды.