БастыЖаңалықтар

Түркістан облысында «Өрт-2024» ркшож практикалық кезеңі ұйымдастырылды

«Өрт-2024» РКШОЖ аясында Түркістан облысының аумағында орманды сөндіру бойынша практикалық жаттығулар өтті.

Шартты түрде Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі  орманшылықтарының аумағында құрғақ найзағай разрядының нәтижесінде орман аймағында жану пайда болды. Қатты желдің салдарынан өрт жоғарғы өртке айналды.

Оқиға орнына келген орман шаруашылығының қызметкерлері өрт жақын маңдағы ауылдарға және 3 сауықтыру балалар лагеріне таралуы мүмкін екенін анықтады. Шұғыл түрде күштер мен құралдар тобы төтенше жағдай аймағына жіберілді.

Қауіпсіздік мақсатында тұрғындарды ауылдан, ал балаларды қызметкерлермен лагерлерден эвакуациялау ұйымдастырылды.

Өртті сөндіру басшылары жергілікті штабты ұйымдастырады және өртті жою бойынша учаскелерді анықтайды.

Отпен күрес автоцистерналардың, аспалы орман өрт сөндіргіштерінің, сабалағыштардың көмегімен жүргізіледі. Өрттің таралуынан қорғайтын минералданған жолақтар салынады.

Қол жетпейтін жерлерде өртті сөндіру үшін жағдай күрделенген жағдайда авиаорманқорғаудың  су шашатын құрылғысы бар тікұшағы дайындықта болады.

Отпен болған бұл қиын күресте, барлық тартылған күштер мен құралдардың үйлесімділігі мен күш-жігерінің арқасында шартты өрт жойылды.

Түркістан облысы ТЖД бастығы полковник Асқар Төлешев атап өткендей: «Оқу-жаттығулар басқару алгоритмін пысықтау кезіндегі іс-қимылдарды және ТЖ-ға ден қою кезінде уәкілетті органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын жетілдіруге көмектеседі. Жаттығуды өткізудің барлық шарттары нақты жағдайға жақын, бұл азаматтық қорғау қызметтерінің елді мекендерге өрттің таралу қаупін ескере отырып, орман өртінің пайда болуына дайындығын бағалауға мүмкіндік береді».

Осылайша шартты өрт дер кезінде сөндірілді.   Жалпы оқу-жаттығу барысына 76 бірлік техника, 288 адам жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта Түркістан облысында өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізетін арнайы құрылған мобильді топтар жұмыс істейді. Жану ошақтарын анықтау үшін тұрақты негізде авиациямен патрульдеу жүргізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button