БастыЖаңалықтар

Түркістан: Сайрамда қоғамдық кеңестің кезекті көшпелі отырысы өтті

Сайрам ауданында Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отыз үшінші көшпелі отырысы өтті.

Жиынға Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Арынбаев, сонымен бірге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы мен облыстық басқарма басшылары, ветеринария саласының қызметкерлері, Сайрам аудандық Қоғамдық кенес құрамы және ауданға қарасты ауылдық округ әкімдері болды. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы Байділдә Жылқышиев жүргізіп отырды.

Келелі кеңестің күн тәртібінде Сайрам ауданында ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы көшпелі отырыс, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қорының бүгінгі жай-күйі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген ұзаққа созылған құрылыс нысандары бойынша Төлеби ауданына қарасты Қостөбе және Ханарық елдімекендеріндегі көпірлер құрылысының жай-күйі, «2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту», «Түркістан облысы бойынша жолаушыларды ауданаралық (қалааралық облысішілік) қатынаста автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу», «Тұрбат» және «SAURAN» өңірлік маңызы бар агро-индустриялық аймақ құру, «Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы №29 қаулысына «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережені бекіту» туралы қаулысына енгізу», «Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту», «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру Қағидаларын беру және оның сипаттамасын бекіту туралы» Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2019 жылғы 11 маусымдағы №15 қаулысының күші жойылды деп тану», «2024 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормалары, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтардың) арналған субсидияларын бекіту, «Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы «Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы №253 «Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №49 қаулысының күші жойылды деп тану», «Түркістан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану», «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту», «Түркістан облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» талқыланды.

Басқосу барысында тиісті басшылардың өз салалары бойынша баяндамалары тыңдалды. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар берілді.

Жиында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қаулы жобалары қоғамдық кеңес мүшелерінің қарауына ұсынылды. Қаулы жобаларын бекіту туралы шешім қабылданды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button