БастыЖаңалықтар

Түркістан: Сайрам ауданында тәртіп пен қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Аудан аумағындағы жалпы білім беретін мектептерде «Соңғы қоңырау» мерекесін атап өту, оқушылар арасында келеңсіз оқиғаларды болдырмау мақсатында арнайы жиын өтті. Аталмыш жиынды аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов жүргізіп отырды.

Алғаш сөз тізгінін аудан прокуроры Даулет Бекбашұлы алды. Өз кезегінде, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылыққа жол бермеудің алдын алу аясында аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. Сонымен қатар, «Соңғы қоңырау» мерекесінде оқушылардың құқық бұзушылыққа бой алдырмауы жайлы түсіндіріп өтті.

Келесі кезекте аудандық білім бөлімінің басшысы Бауыржан Талғатұлы шәкірттердің жыл бойы білім саласында бағындырған белестерін саралайтын тақырыптық сынып сағаттарын өткізудің маңыздылығына тоқталды. Бұдан бөлек, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге бағытталған қағидаларды қаперде ұстау, педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуі жайлы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігіне ата-аналар мен тиісті мекеме өкілдері жіті мән беру керектігін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button