Түркістан: Кенес ауданында спорт саласын дамыту бойынша өзекті мәселелер талқыланды

«Келес аудандық ұлттық спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде спорттың 6 түрі қамтылған. Олар: көкпар, қазақ күресі, аударыспақ, тоғызқұмалақ, асық ату, ұлттық жекпе-жек. Жылдық жоспарға сәйкес, бүгінгі таңға дейін жалпы іс-шаралар саны – 11, қамтылған жастар саны – 1600. Республикалық чемпионаттарда жетістікке жеткен аудан спортшыларының саны – 11, жетістікке жеткен оқытушы-жаттықтырушылар саны – 3.
«Жастар есірткіге қарсы!» атты 2007-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында аударыспақтан, 2004-2006 жылғы туылған жастар арасында көкпардан ұлттық спорт клубының ашық біріншіліктері өткізілген.
«Алғыс айту» күніне орай, қазақ күресінен аудандық ашық біріншілік өткізіліп, жарысқа Шардара, Жетісай, Сарыағаш аудандарынан командалар қатысты. Командалық есеп бойынша аудан спортшылары жүлделі ІІ-орынды иеленді.
23-25 наурыз күндері 2007-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында көкпардан Түркістан облысының чемпионаты өткізілді. Жарысқа Қазығұрт, Шардара, Жетісай, Отырар, Сарыағаш, Сайрам, Түлкібас, аудандары қатысып, Келес аудандық ұлттық спорт клубының спортшылары жүлделі ІІ-орынды иеленді. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында «Келес аудандық ұлттық спорт клубы» директоры Санат Ботанбаев мәлімдеді.
Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев спорт саласын дамыту бағытында берілген тапсырмалардың орындалу деңгейін сұрап, кемшіліктер бойынша жұмысты жүйелеп, жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту, спорттық нысандар мен спорт алаңшаларының жай-күйіне баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Жиын барысында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің бас инспекторы Сапар Ерсұлтан ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің атқарған жұмыстарының барысына талдау жүргізіп, нәтижесін баяндады.