Түркістан – есірткісіз болашақ!

Түркістан облысында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы А. Үсен және Арыс 1 станциясы желілік полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Маханбет Нұрдәулет Ерланұлы мен бірлесе отырып, №32 Ә. Жангелдин жалпы білім беретін мектебінде «Есірткісіз болашақ» атты тақырыбы аясында жазғы сауықтыру лагеріне қатысып жүрген оқушылардың қатысуымен сурет байқауы өткізілді.
Іс-шара барысында есірткіге қарсы іс-қимылды жандандыру, жастар арасында жаппай нашақорлыққа қарсы көзқарас түсіндірілді. Оқушыларға болашағымызды есірткісіз қарастырып, сурет салғыздық және есірткінің мемлекетіміздегі жаңа серпін алып жатырған түрі, яғни синтетикалық есірткі түрлері атап айтылып, олардың зияны мен салдары кеңінен насихатталды.
Іс-шара мақсаты: жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып жатқан, есірткінің таралу жолдарын тоқтату, зиянды әдеттерден аулақ болып,өзінде,өзгеніде зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге,салауатты өмір сүруге ат салысуға тәрбиелеу.