БастыЖаңалықтар

Полицейлер Түркістан облысының тұрғынынан марихуана тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері “Қарасора-2024″ жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында, Созақ ауданы аумағында есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады.

Созақ аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Таукент қаласы көшелерінің бірінде есірткі сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды тоқтатты.

Жедел уәкілдер тексеру кезінде ер адамның спорттық киімінің қалтасынан өсімдік тектес есірткі затына ұқсас екі қағаз орамасын тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттың салмағы шамамен 7 грамм “марихуана” болып шықты.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.

 Сонымен қатар, темекі химиясы барлық органдарға зиян тигізетінің еске сала кетейік. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша темекіні тұтыну кем дегенде 25 аурудың пайда болуымен байланысты. Темекіні тұтыну әлемдегі өлім-жітімнің ең үлкен себебі болып саналады.

 Темекі дененің кем дегенде 12 түрлі бөлігінде қатерлі ісік тудыратын концерогендік әсерге ие: өкпеде, ауыз қуысында, мұрын қуысында, параназальды синуста, Көмейде, Тамақта, өңеште, ұйқы безінде, асқазанда, бауырда, бүйрек жамбасында, өт қабында. Сондай-ақ, темекі миелоидты лейкемияны, яғни қан қатерлі ісігін тудырады.

 Темекі сонымен қатар жүрек-қан тамырлары ауруларының (жағдайлардың 40%), өкпенің созылмалы обструктивті ауруының (жағдайлардың 80%), қатерлі ісіктердің (жағдайлардың 30%, соның ішінде өкпенің қатерлі ісіктерінің 90%) даму қаупінің факторы болып табылады. Темекіден бас тартқан кезде бұл аурулардың 40% алдын алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button