БастыЖаңалықтар

Мас халде көлік тізгіндеу-қылмыс

Түркістандық патрульдік полиция қызметкерлері түнгі сағат 2:30 шамасында рейд кезінде күдік тудырған “Lada Granta” маркалы автокөлікті байқады. Полиция автокөліктің соңынан жүріп, оған тоқтау қажеттігін хабарлады.

 Алайда жүргізуші тарап тәртіп сақшыларына бағынбай жылдамдықты асырып, қаша жөнелді.

Дегенменде полицейлер көлік тізгіндеушіні соңынан қалмай, қолға түсірді.

 Яғни 38 жастағы спирттік ішімдік ішіп алған жүргізуші полиция қызметкерлеріне бағынбай, қарсылық көрсетті. Құжаттарын тексеру кезінде оның мас күйіне күдіктінген сақшылар ер адамды сараптамаға жеткізіп, мас халде болғанын растады.

 Анықталғандай, жүргізуші бұған дейін ішімдік ішіп, заң бұзғаны үшін сотпен 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты.

 Қазіргі уақытта көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйінде рульге қайта отырған жүргізушіге қатысты жиналған материалдарды полицейлер сотқа жіберді.

 346-бап бойынша аталған қылмыс қайталанса, оның жазасы қатая түседі. Тәртіп бұзушы бірден көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылады. Яғни жүргізуші куәлігінен айырылғандар мас күйде көлік рөліне отырып оқыс жағдайға жол берсе, қатаң жаза қолданылады. Нақтырақ айтсақ, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірген жағдайда жүргізушілерге 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығын шектеу және өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қолданылады. Ал өлім жағдайына әкелсе, кінәлі жүргізуші 7-9 жыл бас бостандығынан айырылып, өмір бойы көлік рөліне отыру құқынан шектеледі.

Айта кетейік, бұған дейін мұндай қылмыс жағдайында егер адам денсаулығына ауыр зиян келтерсе, 3 мың АЕК айыппұл, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу, 6 жылға дейін белгілі лауазымды атқару және қандай да бір қызметпен айналысу құқығы шектеу, ал өлім жағдайы оры алғанда 5-7 жылға дейін бостандығын шектеу, 7 жылға дейін белгілі лауазымды атқару және қандай да бір қызметпен айналысу құқығы шектеу жазасы қолданылған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button