БастыЖаңалықтар

Облыс полицейлері 200-ден астам тұрғынды қабылдады

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 19-20 шілде күндері «Жолда қабылдау» акциясын өткізіп, облыс тұрғындарын қабылдады. 22 орында өткен акцияның 2 тәулігінде тәртіп сақшылары 220-ға тарта тұрғынның мәселесіне ден қойды. Азаматтардан келіп түскен әрбір сауалға заң аясында құқықтық кеңес берілді.

 Мәселен жұртшылық тарапынан автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және айыппұлдарды мерзімінде төлеу, көші-қон қызметіне, кадр саласына қатысты сауалдар көптеп қойылды.

 Жалпы бұл акцияның негізгі мақсаты – тұрғындар мен полиция қызметкерлері арасындағы кері байланысты нығайтып, ашықтықты қамтамасыз ету, халыққа қолайлы жағдай жасау.

 Полиция департаменттерінің басшылары, әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметтерінің бастықтары азаматтардың жаппай баратын орындарында (орталық алаңдар, сауда-ойын-сауық орталықтарының жанындағы алаңдар, Арнайы ХҚКО мен ХҚКО маңында) тұрғындардың арнайы “мобильді” қабылдау бөлмелеріндегі қызықтырған сұрақтарына жауап береді. Акция барысында азаматтардың өзекті мәселелерін шешу үшін алдын ала жазылусыз тікелей полиция басшылығына жүгіну мүмкіндігі бар. Бұрын хабарланғандай, ІІМ бастамасымен” Жолдағы қабылдау бөлмесі ” азаматтарға сұранысқа ие болды және бұл акция полицияның халықпен өзара іс – қимылдың жаңа моделіне көшу бағыттарының бірі болып табылады.

Айта кетсек, іс-шара келесі айда да өткізіліп, жалғасын табады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button