БастыЖаңалықтар

Полиция бір тәулікте 500-ге тарта құқық бұзушылықты анықтап, 32 көлікті айыптұраққа қойды

Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен 20-22 тамыз күндері аралығында Сайрам ауданында профилактикалық іс-шара өткізілуде. Оған Түркістан облысы Полиция департаментінің тиісті құрылым басшылары мен басқа аудандардан жеке құрам жұмылдырылып, ауқымды жұмыс атқарылды.

Қоғамдық қауіпсіздікке басымдық берілген іс-шараның алғашқы тәулігінде полиция басқармасына 52 тұлға жеткзілді. Профилактикалық есепте тұратын 64 тұлға мекенжайлары бойынша тексерілді. Жалпы тәртіп сақшыларымен 496 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде қоғамдық сала бойынша 46, жол саласы бойынша 450 дерекке хаттама толтырылды.

Мәселен ұсақ бұзақылық бабымен 22 дерек, қоғамдық орында мас халде жүру бойынша 8 дерек,  белгіленбеген орында сауда жасаумен 3 дерек анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік шара көрілді.

Қоршаған ортаның тазалығы – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Соңғы жылдары табиғатқа бей-жай қараудың салдарынан экологиялық жағдай нашарлап келеді. Қоқысты бейберекет тастау, темекі қалдықтарын, бос бөтелкелерді көшеге лақтыру – біздің ортақ табиғатымызға үлкен зиян келтіруде.

Мысалы, пластикалық бөтелкелер мен темекі тұқылдары топырақта жүздеген жылдар бойы ыдырамай қалады, бұл экожүйеге кері әсерін тигізеді. Ғалымдардың айтуынша, бір ғана темекі тұқылының суға түсіп кетуі бір литр суды улауға жеткілікті. Сонымен қатар, ашық далада немесе қала көшелерінде қоқыс қалдыру – жануарлардың өміріне қауіп төндіреді, өйткені олар қоқысты жеп, улануы мүмкін.

Қазақстанда экологиялық мәдениетті көтеру мәселесі маңызды. Қоғамдық орындарда, саябақтарда, жағажайларда қоқыс тастауға тыйым салынғанымен, кейбір азаматтар бұл ережені елемей жүр. Бұл біздің ортақ үйіміз – Жерді қорғауға үлкен кедергі келтіреді.

Әрбір адам өзінің әрекеттеріне жауапты болуы тиіс. Қоқысты тиісті орындарға тастау, табиғатты ластамау – бұл біздің ұрпақтарымызға таза және жасыл орта қалдырудың кепілі. Қоршаған ортаны қорғау – біздің азаматтық парызымыз. Сондықтан көшеге қоқыс тастамаңыз, темекі қалдықтарын, бос бөтелкелерді кез келген жерге лақтырмаңыз. Әрбір әрекетіміз біздің болашағымызға әсер етеді.

Ал ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу бойынша 4 жайт, егістіктер мен маяларды жою бойынша 1 жайт,  абаттандыру қағидаларын бұзуға байланысты 3 жайтқа жауапкершілік қаралды. Тіркеусіз жүрген 2 азамат анықталды.  Түнгі уақытта қараусыз жүрген 3 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 32 тұрғынға шара көрілді. Арнайы айыптұраққа 32 автокөлік қойылды.

Іс-шара барысында жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қарама-қарсы қозғалысқа шыққан жүргізушілер дрон арқылы анықталды. Басқа да арнайы бейнебақылау камералары бар соңғы үлгідегі қызметтік көліктер пайдаланылды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button