Полицейлер «Пробация» жедел-профилактикалық шарасын жүргізуде

Түркістан облысы полиция департаменті Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тамыз айының 15 мен 22 күндері аралығында Түлкібас ауданы аумағында республикалық «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – пробацияда есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу.
Пробация қызметі есебінде тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтарды жасауының алдын алу жөніндегі өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру барысында инспекторлар есептегі тұлғаларға сот жүктеген міндеттерді орындауды және қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылықтар жасамау керек екендігін қатаң ескертіп, олармен профилактикалық сұхбаттар жүргізді.
Шара кезінде қайталама қылмыс жасауға, алкогольдік ішімдік ішуге, отбасылық тұрмыстық жанжалға бейім тұлғалар қадағаланып, учаскелік полиция инспекторларымен тығыз байланыста жұмыстар атқарылып жатыр.
Жергілікті полиция қызметкерлері мектептер мен балабақшаларда балалардың ата-аналарымен профилактикалық кездесу өткізіп, жас ағзаға алкоголь мен темекінің зияны туралы түсіндірді. Кездесудің мақсаты – ата-аналарды балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін мәселелермен таныстыру және зиянды әдеттердің алдын алу.
Полиция өкілдері жасөспірімдер арасында алкоголь және темекі тұтынудың артуы туралы алаңдаушылық білдірді. Медицина қызметкерлерінің деректеріне сүйенсек, алкоголь мен темекі жас ағзаның дамуын тежеп, ауыр физикалық және психикалық ауытқуларға әкелуі мүмкін. Әсіресе, бұл заттар жасөспірімдерге үлкен қауіп төндіреді, өйткені олардың ағзасы толық қалыптаспаған және зиянды заттарға өте сезімтал.
Кездесу барысында ата-аналарға балаларды зиянды әдеттерден қорғаудың жолдары, олармен сенімді қарым-қатынас орнату және салауатты өмір салтына баулу туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері ата-аналарға балалардың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару және қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгінудің маңыздылығын атап өтті.
Мұндай профилактикалық әңгімелер қоғамдағы салауатты өмір салтын қалыптастыруға, балалардың денсаулығын қорғауға және олардың болашағын жарқын етуге бағытталған.