Алматы мәйітханасындағы некрофилия: тергеу тоқтатылды
Алматы прокуратурасы некрофилияға күдікті ер адамға қатысты тергеу барысына пікір білдірді, – деп хабарлайды degeneken.kz.
Алматы прокуратурасы редакцияның сұрауына жауап ретінде, Алматы мәйітханасындағы некрофилия жағдайларын тергеу барысы туралы 24 сәуірде марқұмдардың денесін қорлау дерегі бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады. Алайда қазір “Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 45-бабы 7-бөлігі 4-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеру мерзімін үзу” туралы қаулы шығарылды.
ҚР ҚІЖК 45-бабы 7-бөлігі 4-тармағында соталды тергеп-тексеру мерзімдері заңда көзделген тәртіппен куәландырылған күдіктінің, айыпталушының уақытша психикасы бұзылған немесе өзге де ауыр сырқаттанған жағдайда үзілетіні айтылады.
Еске салайық, 2024 жылдың сәуірінде полиция некрофилияға күдіктіні ұстады.