БастыЖаңалықтар

Оралда тәрбиешілердің жиыны басталды

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшелерінің бастықтарымен, батальон командирлерінің ТжӘҚЖ жөніндегі орынбасарларымен және әскери қоғамдық ұйымның мүшелерімен үш күндік оқу-әдістемелік жиын басталды.

Аталмыш жиын Орал қаласында орналасқан Қазақстан инновациолық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ғимаратында ұйымдастырылып өтуде.

Жиынның алғашқы күні әскерилерді білім ордасының мұражайымен Гаухар Ермекқалиқызы таныстырып шықты. Әрмен қарай әскерилердің назарыны студенттер ойлап шығарған электромобиль, жергілікті жерді барлауға арналған дрондар және сол дрондарға қарсы қолданып, жоюға арналған құрылғылар ұсынылды.

Шара барысында тәрбиеші офицерлер оқу ордасының аумағында орналасқан манументке гүл шоқтарын қойып, боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Тәрбиеші офицерлермен алғашқы сабақты ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы профессор, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, «100 жаңа есім» жобасының иегері, Орал қаласының құрметті азаматы Әйтімов Ақсерік Сарыұлы өткізіп, жиынның сабақ кестесіне сәйкес дәрістер басталып та кетті.

Айта кетейік аталмыш жиын алдағы екі күн бойы өткізіліп, 26-қыркүйек күні қортындыланатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button