️Халықтық штаб мүшелері мәдениет саласының өкілдерімен кездесті
Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық Халықтық штабының мүшелер мәдениет саласының өкілдерімен кездесті.
Жиында Халықтық штаб мүшелері атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның халықаралық аренадағы мәртебесін айтарлықтай арттыра түсетінін мәлім етті. Айтуларынша, атом электр станциялары елді энергетикалық тәуелсіздікпен қамтамасыз етіп, импорттық ресурстарға тәуелділікті азайтады.
«Өздеріңізге белгілі еліміздің электр қуатына деген тауелділігі жыл санап артпаса кемімейді. Осы түйткілді мәселені шешу үшін бізге АЭС салу керек. Әрі АЭС салу елімізді энергия тапшылығынан тәуелсіз етіп, ірі инвесторлардың келуіне де жол ашады. Сонымен қатар, атом энергиясын пайдалану көміртегі шығындыларын азайтып, елдің экологиялық беделін арта түсуіне ықпал етеді. Бастысы, атом электр станцияларын дамыту экономикалық өсуді ынталандыра отырып, технологиялық прогреске және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек»,- деді спикер Аскерхан Хуанбай.