БастыЖаңалықтар

Полицейлер нашақорлықтың алдын алу бойынша студенттермен кездесті

Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университеті мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың есірткі тұтынуға теріс көзқарасын қалыптастыру, спортқа баулу және жаман әдеттерден бас тартуға дағдыландыру.

Іс-шараға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі А.Бурханов, прокурор О.Алтынбаев, дәрігер-нарколог Д.Шалапов, сондай-ақ 450-ден астам оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кездесу барысында шақырылған қонақтар жастарға синтетикалық және өзге де есірткілердің, психотроптық заттардың зияны туралы, олардың өмір мен денсаулыққа кері әсері, есірткіні сақтауға және өткізуге байланысты қылмыстардың салдары туралы мәліметтер жеткізді.

Сондай-ақ студенттерге нашақорлық пен есірткіні қолдану мәселесі, есірткі заттарының заңсыз айналымын болдырмау бойынша атқарылған жұмыстар туралы бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу соңында студенттер мамандарға талқыланған тақырып бойынша қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Полицейлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және заңдарды сақтауға шақырды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері алкогольдің адам ағзасына зияны туралы, алкогольдік масаң күйде қандай құқық бұзушылықтар болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат берді.

Бұл кездесу жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған маңызды шара болды. Тәрбиелік мәні зор іс-шара жастардың есірткі мен алкогольден аулақ болуына септігін тигізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button